ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде «Ashyq» жүйесі бойынша оқшаулану тәртібін бұзғандар кездеседі. Олардың арасында «қызыл» және «сары» мәртебеге ие тұрғындар бар.
«Жыл басынан бері облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам белгілі болды. Оның ішінде 48-і адам «қызыл», 1-і «сары» мәртебеге ие. Бұл бойынша «қызыл» мәртебедегі адамдарға тиісті айыппұл салынып, «сары» мәртебедегілерге оқшаулану тәртібін сақтау жөнінде хаттама берілді», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Сондай-ақ, облыста қазір 167 млниторингтік топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері топ мүшелері 48 мәрте рейд жүргізді. Рейд барысында 196 нысан қамытлды.
Еске салсақ, қазірге дейін Қызылорда облысында 50534 адам ревакциналаудан өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.