Қызылордада биылғы жылу беру маусымына дейін тағы 15 мың тұрғын үй «көгілдір отынға» қосылады
Бұл туралы жуырда өткен әкімдік мәжілісінде белгілі болды.
Осы жиында энергетика мәселелерін талқылау кезінде облыстық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов заманауи электр есептегіш құралдары туралы сөз ете келіп, оның жаратылған энергия мөлшерін дәл анықтап, ұрланған көлемді көрсететінін тілге тиек етті. Сөзден сөз туып, өткен жылу беру маусымында газ тапшылығынан 19 мың тонна мазуттың пайдаланылғаны айтылды. Ал бұл мәселе «Ақшабұлақ» кен орнындағы газтурбиналық қондырғының 2-кезеңі іске қосылғанда өзінің оң шешімін табады. Сондай-ақ коммуналдық төлемдердің қордаланған қарызы алдағы маусымға әзірлікке үлкен кедергі келтіргелі тұр. Үстіміздегі жылғы сәуірдіңі 15-деге мәліметтер бойынша қарыз көлемі 536 млн. теңгеге жеткен. Алдағы уақыттарда осы қарызды азайту да аз міндет болмайтын түрі бар.