Қызылордада бизнес құрылымдардың саны жыл санап көбейіп келеді
13:19, 19 Қаңтар 2011
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында тіркелген бизнес құрылымдардың қатары жыл санап артып келеді.
Облыстық статистика департаменті мәліметтері осыны дәлелдейді. Осы деректерге сүйенсек, аймақта заңды тұлғалар арасында негізінен көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу қызметтерінің үлесі жоғары екені байқалады. Олардың үлесі 2011 жылғы 1 қаңтарға 20,1 пайызды құраған. Сол сияқты құрылыс 16,1, білім беру 9,2 пайыздық мөлшерге ие болған. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 45,5 пайызына теңеседі.