Қызылордада бокстан жастар арасында республикалық турнир өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 16-19 қараша аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туған жастар арасында бокстан республикалық турнир өтеді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылатын турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің облыс орталықтарынан 150 дей былғары қолғап шеберлері қатысады. Жарыс 11 салмақта (46, 49, 52, 56, 60 ,64, 69, 75, 81, 91, 91 келі) өткізіледі.

Айта кетейік, дүбірлі бәсеке облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылуда.