Соның салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды, 40 жастағы екінші адам ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Шұғыл құтқару қызметі» ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 2 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
08:24, 12 Ақпан 2013
Қызылордада бу қазандығы жарылды, бір адам мерт болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 16.27-де Қызылорда қаласында «Квант» қонақүйінің бу қазандығы жарылды. Өрт болған жоқ.