Қызылордада бүгін қатты ыстық болуы мүмкін
08:00, 09 Тамыз 2012
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы бүгін Қызылорда облысында +35, +40 градус, кей жерлерде қатты ыстық +43 градус цельсия шамасында күтілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.