ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 13 қаңтардан бастап 668 мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен мектеп жанындағы 81 шағын орталықтардың жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты өңірдегі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сақтық және қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Облыста төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық балабақшалар уақытша өз жұмысын тоқтатқан болатын.
«Айта кетейік, ұстаздар ертеңгі күннен бастап штаттық режимде жұмысқа қосылады. Ал, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектептер 17 қаңтардан бастап іске қосылса, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтарда сабақ басталады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық білім басқармасынан.
Еске салсақ, Қызылордада Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.