Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөнінде семинар-кеңес өткізілді
Оған департаментке қарасты бөлімшелердің мамандары қатысты.
Семинарда «Мегаполис» газетінің тілшісі Наталья Денисова, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Дастан Қырдан, облыстық ішкі саясат басқармасы ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Нұрбаева әдістемелік көмек түрінде дәрістік сабақтар жүргізді. Қатысушылар сабақ барысында өзара пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауаптар алды.
Семинарда департамент баспасөз қызметінің бас маманы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Анар Сәменова үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында сала бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Ал аталмыш қызметтің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Айгүл Нұрманова Елбасы Жолдауын ақпараттық қолдау тақырыбында баяндама жасады.