Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бюджет қаражатын қымқырған екі балабақша меңгерушісі бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғыжарты жылда «Балапан» бағдарламасы аясында балабақшаларда бюджет қаражатын жымқыруғақатысты 4 қылмыстық іс тергелді. Бұл жөнінде Қызылорда облысыбойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Нәтижесінде екібалабақша меңгерушісі бас бостандығынан айырылды. Олардың үстінен ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық ісқозғалды. Онда алаяқтығы, яғни алдау арқылы немесе сенімді пайдалану жолыменбөтеннің мүлкін жымқыру жағдайы көрсетілген. Қыруар қаржыны қолды еткендердің әрқайсысына бас пайдасына жаратқан 1млн 945 мың және 2 млн 975 мың теңге көлеміндегі ақшаны бюджетке қайтаруміндеттелді», - деп хабарлады Қызылорда облыстық экономикалық тергеудепартаментінің баспасөз қызметі.

Мұнан басқа екібалабақша басшысына қатысты іс сот қаулысымен шектелді. Яғни, келтірілген зиянтолық қалпына келтірілді. Нәтижесінде іс өндірістен қысқартылды. Олардың бірі 1млн 146 мың теңге, екіншісі 3 млн 902 мың теңгені бюджетке қайтарған.

Қазына қаржысынқымқыру үшін олар әр балаға ай сайын бюджеттен бөлінетін 24390 теңгені алумақсатында жалған құжат жасаған. Балабақшаға келмеген балаларды да тізімгеқосып, оны білім бөліміне өткізіп отырған. Тіпті бір баланың балабақшаныңбірнеше тобының тізімінде болу дерегі кездесті.

Қызылорда облысыбойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері былтыр және 2019жылдың 6 айында «Балапан» мемлекеттікбағдарламасы бойынша бюджетке залал келтірудің 26 дерегін анықтаған.Келтірілген залалдың жалпы сомасы 80 млн теңгеден асып жығылды.

Соңғы жаңалықтар