«Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұзақ уақыт бойы орындалмаған жұмыс, көрсетілмеген қызмет пен тиелмеген тауар үшін жалған шот-фактуралар дайындап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олардың әрекетінен мемлекетке 776 миллион теңге шығын келген», - деп хабарлайды Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) топтың басшысы, ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.