Қызылордада бюджеттен 16,8 млн теңге жымқырғандар сотталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы мен «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі директорының орынбасары қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаменті «Қазалы аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы Б.Тиыштықов пен «Агроспецмонтаж» ӨК директорының орынбасарыН.Әбуовке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.

Б.Тиыштықов қызметтік өкілетін асыра пайдаланаотырып, Қазалы қаласында құрылыс жүргізілетін тұрғын үй инфрақұрылымдарынқамтамасыз ету нысанының құрылысы кезінде жалған орындалған жұмыстар актісінеқол қойған. Осының нәтижесінде Әбуов 16,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатыниемденген.

29 шілдеде Қазалы аудандық сотыныңүкімімен Тиыштықовтың - 1 жылға, Әбуовтің - 6 жылға бас бостандығы шектелді.

Сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеуқұқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар