ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы жолдың бірқатар бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында ауа райының жағдайы нашарлай түсті. Қарлы боран, боран көрінуді шектеп жатыр.
«Осыған байланысты елорда уақытымен 18.20-ден бастап республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолында автокөліктің барлық түріне 1240-1474 шақырымынада қозғалыс жабық екенін хабарлаймыз. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би кентіне дейінгі аралықты қамтиды», - деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын да Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.