Қызылордада чернобыльдықтар жарысқа түсті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордадағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның ашық алаңында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар арасында бұқаралық спорт түрлерінен жарыс болып өтті.

Шара қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігі, облыс әкімдігі, Азаматтық альянс және «Игілік» корпоративтік қоры арасында жасалған үш жақты келісім аясында ұйымдастырылды.

Сайыс бұқаралық спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерден құралған «Жалын», «Айбын» коман­далары арасында өтті. Чернобыль апатына қатысу­шылар арасында салауатты өмір салтын қалып­тастыруды насихаттау және халық арасында достық пен өзара сенімді нығайту мақсатында ұйымдас­тырылған жарыс жан-жақтылығымен ерекшеленді. Жарысқа қатысушылар «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Сәдіқұлқызына алғыстарын білдірді.