Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Өрт кеше таңертең, Қазалы ауданы Ақтан батыр ауылындағы бір қабатты дәрігерлік амбулатория ғимаратында болды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 481 шаршы метрді құрады. 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға облыс бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 15 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.