ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір күннен бері Сырдария өзені аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 45 жастағы азамат іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 15 тамызда сағат 07.00 шамасында 45 жастағы әйел Сырдария аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника және 1 қайық күшімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру 19.30 шамасында уақытша тоқтатылды. Шара нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыстар бүгін, 16 тамызда қайта жалғасады», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада Сырдария жағалауына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.