ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дарияға ағып кеткен адамның денесі бірнеше күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш азамат Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы көпірден суға кеткен. Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр және жедел құтқару жасағы мамандары дереу іздестіру шараларын бастады. Дегенмен, одан еш нәтиже шыққан жоқ.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр және жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша, іздестіру шаралары жалғасады. Бұл мақсатта мамандар белсенді әрекет жүргізуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.