Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде азаматтарды діни ағарту бойынша іс жүзінде жасалмаған жұмыстар үшін 2,1 миллион теңгені қоғамдық қорға аударған. Сөйтіп, лауазымын теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасуда», - деді А.Бердалин.
Айта кетейік, бүгін агенттік Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының қамауға алынғанын жариялады. Ол мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген. Бұдан бөлек, ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды.