ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балық аулауға шыққан 55 жастағы адам кіші Арал теңізіне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Арал ауданы Мергенсай ауылы аумағындағы теңіз аумағында болды. Достарымен балық аулауға шыққан азаматтың пластмасса қайығы аударылып көз жұмды.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері оқиға орнына 4 құтқарушы 1 техника, 1 моторлы қайықпен барды. Оның денесі бүгін, 17 тамызда сағат 10.45-те табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облысында жыл басынан бері 31 адам суға кетті. Оның ішінде 11-і бала.
Бұдан бұрын Сырдарияға батып кеткен екі баланың мәйіті табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.