ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында төбенің ағаш конструкциясы құлап, екі қабатты дүкенде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан өзбекстандық азамат қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 4 мамырда сағат 15.11-де болды. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.
«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен Өзбекстан азаматы күйіп қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.