Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады
Дүбірлі бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде (35, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 66 келі) жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстың бас төрешісі Арман Молдахановтың айтуынша, республикалық турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, өз ауқымын кеңейтуде. Биыл Қызылорда облысының өзінен 150-ге жуық балуандар бақ сынайды. Сондай-ақ, байрақты бәсеке жеңімпаздары одан әрі ірі додаларға іріктелінетін болады.