Жарысқа Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған және Қызылорда облысынан 171 спортшы қатысты. Жарыс бес салмақ бойынша 34, 38, 42, 46, 50 келіде өткізілді. Нәтижесінде 34 келі салмақта Бейбарыс Әбілдә (Жалағаш), 38 келіде Мағжан Шамшадин (Қызылорда), 42 келіде Шарапат Бертай (Қызылорда), 46 келіде
Жақсыбек Жеңісбек (Жалағаш), 50 келіде Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда) бірінші орынды жеңіп алды.