Қызылордада екі бала суға батып кетті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғаЖаңақорған ауданының Бесарық ауылында болған. Балалар Түркістан облысының Төле биауданында тұрады. Жасөспірімдер суға кеткенде жанында анасы да болған. Онықасындағы адамдар құтқарып қалған. Қазіргі таңда жедел құтқару жасағының мамандарыбалаларды іздестіру шараларын жүргізуде.

«Бүгінгі күнгедейін облыста 29 адам суға кетті. Оның 12-сі бала. Былтыр жыл бойына суайдындарында 22 адам көз жұмған еді», - деді Қызылорда облыстық Төтеншежағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Адамдардың суғакетуі жөнінен Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы алдыңғы орында. Бұлжағдайдың басты себебі ретінде азаматтардың рұқсатсыз шомылу, балық аулау жәнебалалардың ата-ана қарауынсыз қалуы секілді жағдайларды атап өтуге болады.

Төтенше жағдайлардепартаментінің мамандары белгіленбеген жерде суға түсетіндер үшін тиістіайыппұл салуды жоспарлап отыр. Алдымен азаматтарға ескерту беріліп, ол жағдайтағы қайталанса айыппұл салынады.

Еске сала кетсек, бұданбұрын Қызылордада 10 жасар бала суға батып кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар