Екінші айтулы қуаныштың иесі - Нұргүл Бегімбетова перинаталды орталықта босанды. Тоғыз жылдан бері перзент сүюді аңсап жүрген ерлі-зайыптылардың отбасында бір қыз бар болатын. Енді оның екі інісі мен бір сіңлісі бар.
Белібай ауылы да бірден үш тұрғынмен толықты. Ата-анасы балаларының есімдерін Абдулрахим, Абдулазиз, Раяна деп қойды. Бүгін үшемдер үйлеріне шығарылды.