ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі қабатты үйде газ баллонынан газ таралуы салдарынан жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш төтенше оқиға бүгін, 15 тамыз сағат 13.40 минутта болған. Облыс орталығындағы Әлихан Бөкейхан көшесі №45 үйдің екінші қабатында орналасқан №3 пәтерде редуктордағы ақауы салдарынан 27 литрлік баллоннан газ ауаға таралған. Нәтижесінде ол жанусыз күйдегі жарылысқа себепші болды.
«Оқыс оқиға салдарынан 1942 жылы дүниеге келген азаматша күйік жарақатын алды. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ, «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Ал тұрғын үйдің №1, 3 пәтер тұрғындары туысқандарының үйлеріне орналастырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.