ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар есігі жабық пәтерде екі күн бойы ес-түссіз құлап жатқан қарт кісінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Әйтеке би көшесінде көпқабатты үйде тұратын қарияның екі күннен бері есік ашпай жатқаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел әрекетке кірісті.
«Қарияның пәтері екінші қабатта орналасқан. Құтқарушылар оған терезе арқылы кірді. Пәтер ішінде енгенде қарияның жерде құлап жатқанын көрді. Қарияның әлі де тыныс алып жатқанын аңғарған құтқарушылар дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Оқиға орнында полицейлер де өз қызметін атқарды», - деп мәлім етті
Сондай-ақ, Қызылордада бір отбасының 7 адамы уланып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.