ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті З. Байзақов көшесі №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аралға балық аулауға шығып жоғалып кеткен 2 адам табылған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.