ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17 жастағы жасөспірім қыз 8 сәуір күні жұмыстан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын бұған дейін жазған едік. Оған қатысты іздестіру іс-шаралары жүргізілген болатын.
«Нәтижесінде 10 сәуір күні полицейлер қалада орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінің ауласында жасөспірім қыздың жүргенін анықтады. Ол ата-анасына жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған қыздың денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.