Қызылордада екі мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды
09:52, 07 Мамыр 2011
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің қызметкерлері екі жемқорды құрықтады.
Бұл туралы облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы Раушан Мәмекова хабарлады.
Бұлардың біріншісі - Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығының жетекші маманы кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүрген кезінде қолға түсті. Екіншісі Шиелі аудандық аумақтық ветеринарлық-санитарлық инспекциясының бөлім бастығы болып шықты.
Қазір осы қылмыстық оқиғаларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.