Биылғы жылдың ақпан айынан бастап өңірде коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жүргізілуде. Бұл мақсатта аймақта 106, оның ішінде аудандарда 91 екпе кабинеті халыққа қызмет көрсетеді.
«Сондай-ақ, мұндай орындар аудандарда, ұжымдарда адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) ашылған. Вакцинациялау жұмысын арнайы оқытылған медициналық персонал жүргізеді. Бұл орындар арнайы тоңазытқыш жабдығымен қамтылған. Облыста вакцинацияның бірінші компонентімен егілгендер саны – 325 759 адамды құрайды. Ол екпе қабылдауға қабілетті азаматтардың 72 пайызын құрайды құрады. Ал вакцинамен толықтай қамтылғандар саны 267 202 (59,1 пайыз) адамға жетті», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.
Ведомство мәліметінше, өңірде қазірге дейін коронавирус инфекциясына 18 227 науқас шалдыққан. Өткен тәулікте 13 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны - 95 пайыз (17382 адам).
Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 219 науқас ем қабылдауда, жүктеме - 35 пайыз. Реанимациялық төсек-орында 24 науқас жатқызылған (жүктеме 30 пайыз).
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «қызыл» статусы бар 174 адамға айыппұл салынды.