ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 421 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл - екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 93,1 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде санитарлық эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Осыған байланысты облыс «жасыл аймаққа» өтті. Өткен тәулікте 40 адам қатерлі инфекция жұқтырды.
Аймақта коронавирусқа қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын арнайы орындарда (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) вакцинациялау жүргізіледі.
Қазір облыста вакцинацияның бірінші компонентімен егілгендер саны - 421602 адам, ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 93,1 пайызы. Екінші компонентпен қамтылғандар саны - 408769 адам.
Еске салсақ, Қызылорда облысында 34 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.