ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,5 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл - облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 254 адам (94,5%) салдырды. Ал II компонентті 420 172 адам (92,8%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Қызылордада 10 күн бойы ешкім коронавирус жұқтырған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.