Қызылордада екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94 пайызы вакцина салдырды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл облыс тұрғындарының 60 пайызы.

Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 425 487 адам (94%) салдырды. Ал II компонентті 416 507 адам (92%) адам алған.

«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада биыл 189 адамның үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды.