Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 425 487 адам (94%) салдырды. Ал II компонентті 416 507 адам (92%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада биыл 189 адамның үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды.