ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында екі адам электр тоғына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл оқиға аудан орталығындағы жеке үйлердің бірінде орын алған. Төтенше оқиғаның қалай орын алғаны белгісіз. Оқыс жағдай салдарынан 1992 жылы дүниеге келген ер адам мен әйел кісі өмірден өтті. Олар электр тоғына түсу салдарынан оқиға орнында қаза болды», - деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.