Қызылордада Еңбек Еріне құрмет көрсетілді
Одан әрі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, аудандақ ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, Тасарық, Қарашеңгел, Бозкөл ауылдық округтерінің ақсақалдары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұжымы К.Әлимаевтың ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жеткізіп, Еңбек ерін мерейтойымен құттықтады.
Шара соңында Кәрібоз ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі.
Өткенді ой елегінен өткізер болсақ, Кәрібоз Әлимаевтың салған сара жолы - көпке үлгі. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген ол мектепті бітірісімен тракторды тізгіндейді. Еткен еңбегі бағаланып, 31 жасында «Социалистік Еңбек Ері» және «Ленин» орденімен марапатталады. 1970-1995 жылдары қой бағып, шопан атанады. Сол аралықта ауылдық, аудандық советтің депутаты болып, елге қызмет етеді.
Жалпы, Социалистік еңбек Ері деген ресми құрметті атаққа ие болғандардың саны облыста жүзден асса, оның бесеуі - қазалылық еңбеккерлер: Кәрібоз Әлимаев, Дүйсенбай Маханов, Көлжан Оразалиева, Пётр Павлович, Әбуша Дінісламовтер. Аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағында Социалистік Еңбек Ерлеріне қойылған ескерткіштің арасында көзі тірі Кәрібоз Әлимаевтың да бюсті орналасқан.