Қызылордада Еңбек Еріне жаңа пәтер алу үшін 4,5 млн. теңге қаржының сертификаты тапсырылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 мамыр. ҚазАқпарат  - Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде даңқты күрішші, Социалистік Еңбек Ері Амангелді Ахметовтің 70 жылдық мерейтойы өтті.

1967 жылы Үкіметтің жастардан ауыл шаруашылығы саласында бригада құру туралы саясатына сәйкес, 25-тегі  жалындаған жас  А. Ахметов  механикаландырылған кешенді күріш өсіретін звено жетекшілігіне тағайындалады. Сол уақыттары бұл звеноның кеңшардағы күрішшілерден айырмашылығы сүдігер жыртудан бастап, күтіп-баптау, орып-жинау жұмыстарын өз күштерімен атқарып, егіс өнімінің қорытындысына бірге жауап берді. Осының нәтижесінде звено бойынша 180 гектар жерден жыл сайын 70-80 центнерден өнім алынып тұрды. Амангелді Ахметов басқаратын бұл механикаландырылған звеноның күріш өсірудегі іс-тәжірибесі облыс көлемінде кең  таралды.

Мерекелік салтанатта мерейтой иесіне облыс әкімінің Алғыс хаты мен пәтер алу үшін 4,5 млн. теңге қаржының сертификатын тапсырылды.