ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокурорлары электр энергиясының бағасын жөнсіз өсіргендердің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тексеру нәтижесінде «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының» 73,5 млн теңге көлемінде негізсіз табыс алғаны анықталды.
«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде монополистпен уақытша өтемдік тарифі енгізіліп, соның нәтижесінде электр энергиясын беру қызметінің құны кВт/сағатына 4,945-тен 4, 934 теңгеге дейін төмендетілді. Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 164-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 1,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, жуырда Елбасы Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.