ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат Шіркейлі каналына суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, бүгін жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де ол бетін жуып жатқан сәтте абайсызда каналға құлап кеткен.
«Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Әзірге табылған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.