Жергілікті «112» нөміріне сол пәтердің тұрғыны қария есік ашпай жатқанын хабарлады. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Жоғары қабат арқылы терезеден үй ішіне енген олар әжейдің ес-түссіз жатқанын көрді.
«Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін жедел жәрдем қызметіне табыстады. Дәрігерлердің анықтауынша, науқас инсульт алған. Бұл шараға 4 құтқарушы, бір мейірбике қатысты», -деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі.03:36, 09 Қаңтар 2020
Қызылордада есігі жабық пәтерде инсульт алған қарт әжей құтқарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар сыртқы есігі жабық пәтер ішінде ешкім жоқ уақытта инсульт алып, ес-түссіз құлаған 90 жастағы қарт әжейді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.