Аталған акция республикамыздың барлық облыстарында өткізілуде.
Осыған сәйкес бүгін, 19 сәуірде А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қала көлеміндегі білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін қатысқан ауқымды шара ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
Акцияның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
\
Жастарға оң үлгі көрсетуді мақсат еткен шараға Сыр өңіріндегі танымал азаматтар, атап айтқанда депутаттар, спортшылар, дәрігерлер, әртістер, әншілер қатысып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, үндеу жолдады.
Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Билер биленіп, әндер айтылды, театрландырылған қойылымдар көрсетілді.