ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көлде балық аулау кезінде қайығының ескегі сынып, жағалаудан бір шақырымдай қашықтықта қалып қойған 3 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 8 қыркүйекте сағат 20.50 шамасында Арал ауданы Қамыстыбас елді мекені аумағындағы көлде болған.
Балық аулауға шыққан 3 адам мінген қайықтың ескегі сынып, олар жағалаудан 800 метр қашықтықта қалып қойған.
Бұл жөнінде 112 құтқару қызметіне келіп түскен хабарлама бойынша Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел құтқару жасағының мамандары оқиға орнына арнайы техникамен жетті.
«Тастақ көлінде қайығының ескегі сынып қалған балықшылар жағаға шығарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың жағдайы жақсы», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көпқабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.