облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, клубтар лигасында Қазақстаннан үздік үш командасы: «Алматы» ГК (Алматы қ.), «Іле» (Алматы обл.) және «Қайсар» (Қызылорда обл.) өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, әйелдер арасында аталмыш чемпионат облысымызда бірінші мәрте ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Қызылорда гандболдан Азия чемпионатын өткізген Алматыдан кейінгі екінші қала.
Чемпионаттың жеңімпаз және жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталады.
Жарыстың алғашқы күнінде сағат 14.00-де Өзбекстан - Катар, сағат 16.00-де Іле - Иран, сағат 19.00-де Алматы - Қайсар командалары ойнайды.