Қызылордада газ қопарылысынан салдарынан қираған үйлер қалпына келтірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада газ қопарылысынан қираған үйлер қалпына келтірілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше Қызылордадағы екінші газ тарату стансасының қалаға шығатын магистралды газ құбырында апат болып, газ қалаға уақытша АГТС-1 арқылы берілген болатын. Салдарынан Тайманов көшесіндегі көппәтерлі 2 үйде оқыс оқиға болды. АГТС-2-ден газ тоқтатылып, АГТС-1 қосылған кезде үйде тұрғындар болмаған. Өшіп қалған пеш газ АГТС-1 арқылы берілгенде қайта жанған. Бөлмеге газ жиналып, үйлердің бірінде қопарылыс болды. Пеш тұрған бөлменің қабырғасы опырыла құлады.
 

Бүгін мамандар құлаған қабырғаны қайта тұрғызды. Апат болған үйлердің екіншісінде тұрғынның бетін жеңіл күйік шалған, оның жағдайы тәуір. Қазіргі кезде қала толығымен көгілдір отынға қосылды.