ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы орын алды. Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үй қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келеңсіз жағдай қаланың шет аймағындағы Ә.Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үйде болған. Газ жарылысы салдарынан өрт шыққан. Бұл сәтте үйде 1965 жылы дүниеге келген азамат болған. Ол ауыр дене жарақатын алды.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтың айтуынша, көршілері 101 байланыс қызметіне тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалған. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекеме, жедел жәрдем, полиция және өзге құзырлы орындар мамандары келіп жетті. Қазір оқиғаның барысы тексеріліп жатыр.
Бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі қаққан екі бала көз жұмғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.