ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың газды тапаншамен ауаға оқ атқан видеосы жарияланды.
«Тексеру барысында оқиға Қызылордада той өткізу кезінде болғаны анықталған. Одан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 484-бабы, 485-бабы бойынша хаттамалар толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда ол 7 тәулікке қамауға алынған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 22 мың түпке жуық сора өсімдігі жойылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.