Қызылордада гүлдене түспек

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл мұнда 40 мың шаршы метр жер гүлдендіріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға қала аумағының 40 мың шаршы метрін құрайтын 35 сквер, аллеялар мен көшелер гүлдендірілетін болады.

Бүгінде қаланың 30 пайызы ғана аяқ сумен қамтылған. Көркейту-көгалдандыру шараларының нәтижелі болуы үшін қала мен оған қарасты кент, ауылдық округтердің аяқ су мәселесіне талдау жүргізіп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қала бюджетінен 38 млн. теңге бөлінді.