Қызылордада халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігі артып келеді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағытта көптеген жобалар қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008жылғы 5 қазандаы Қазақстан халқына Жолдауында «Өңірлік деңгейдегі резервтердітауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» депатап көрсеткен болатын.

Бүгінде Қызылорда облысында спортпен жүйелі түрдешұғылданушылар қатары артып келеді. Өңірде 231 мыңнан астам адам салауаттыөмір салтын ұстанады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіштерден жоғары.

Сыр өңірінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептері,спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жасаралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны да өскен. Көрсеткіш 23 мыңнан астамадамға жеткен.

Сыр спортшылары көптеген жарыстарда толағай табыстарғакенеліп келеді. 2019 жылдың 6 айында спортшылар ҚР чемпионаттарында 907 медальжеңіп алған. Оның ішінде 272-і алтын, 248-і күміс, 387-і қола. Қызылордалықжастар әлем және Азия чемпионаттарында 48 медаль алып қайтты.

«Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттырумақсатында тиісті іс-шаралар қолға алынып отыр. Бұл бағытта балалар менжасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санынарттыру ісіне мән беріліп келеді. Осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестікаясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Былтырғы жылы сондай 9жоба іске қосылды», - деді Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спортбасқармасының басшысы Олжас Әкімов.

Басқарма басшысы облыс спортшыларын 2020 жылы Токиоқаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуына мүмкіндік туғызуға басаназар аударылып отыр. Сондай-ақ, әлем, Азия және Қазақстан Республикасыныңчемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету бағытындада нәтижелі жұмыстар жүргізіледі.

Алдағы уақытта Қызылорда қаласындағы «Локомотив»стадионына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Оған қоса «Нұрсәт» теннисорталығының 4 жабық теннис кортының құрылысы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар