Форумның мақсаты - инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар тартуды ұлғайту, индустриялық, туристік және аграрлық салаларда шетелдік және отандық инвесторлардың аймақтың компанияларымен өзара тиімді әріптестігін орнату, инвестициялық ахуалды жақсарту, қаржылық инфрақұрылымын дамыту, бизнес-ахуалды жақсарту болмақ. Бұл шараны Қызылорда облысының әкiмдігі ұйымдастырғалы отыр.
Форумға қатысуға бизнес-қауымдастығының, түрлi салалық ассоциациялар мен бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының, ірі халықаралық қаржы институттары мен компаниялардың өкілдері шақырылды. Форум шеңберінде «Союз-У» ғарыш кемесінің ұшыруын тамашалау үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында болу жоспарлануда. Сонымен қатар «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.
Форумның бағдарламасына «Металлургиялық кластердің дамуы - аймақтың келешегі»; «Қызылорда облысында мұнай-газ секторының, геологиялық барлау, баламалы энергетика және машина жасаудың рөлі»; «Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінің даму перспективалары»; «Қызылорда облысында туризмнің дамуы» деген тақырыптық секциялар енгізілді.
Кезектi инвестициялық форумның өткізілуі - Қызылорда облысында басымдық жобаларды жүзеге асыруға және инвесторлармен әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға тағы да бір жақсы мүмкіндік туғызбақ.