«Өткен жылы қалалық бюджеттен бөлінген 11 млн. теңгеге Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубы ашылды. Құны 534 млн. теңге тұратын 37 аула және балалар ойын-спорт алаңдары пайдалануға беріліп, Тасбөгет кентінде салынатын спорттық сауықтыру кешендерінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде», - дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. «Салынатын аула және балалар ойын-спорт алаңдарының ерекшелігі, олар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болмақ. Сонымен қатар облыстық футбол федерациясының қолдауымен қаладағы №101 мектеп ауласынан шағын футбол алаңы салынды және Илья Ильин атындағы спорт алаңы қайта жаңғыртылуда», делінген қала әкімдігінің мәліметінде. Сондай-ақ қалада Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығы мен бокс сарайы салынады деп жоспарлануда.
15:37, 09 Қаңтар 2015
Қызылордада Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығы салынбақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қызылордада бірнеше спорттық нысан салынып пайдалануға берілді. Бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар биыл да өз жалғасын табатын болады.