Илья Ильинмен бірге бокстан әлем чемпионатының қос дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен балуан Мақсат Исағабылов та бар.
«Арнайы акция барысында жерлестеріме қолдау көрсетуге тырыстым. Мұндай сәттерде бір-бірімізге демеу жаасуымыз тиіс. Ол - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Сондықтан игілікті шараға қолдау көрсетуді дұрыс санадым», - деді төрт дүркін әлем чемпионы.
Осындай лебізін Қамшыбек Қоңқабаев та білдірді. Ол қиындықтың барлығы артта қалатынын, алдағы күндерде үлкен жетістіктерге негіз қалайтынын жеткізді.
Белгілі айтыскер-ақын, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов та мұндай игілікті іске белсенді қатысты. Ол облысқа танымал «Абай-Дәулет» ЖШС қолдауымен Жалағаш ауданындағы аудан орталығы, Далдабай, Аламесек және басқа да елді мекендердегі 100 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.
Сыр өңірінде кәсіпкер және меценат азаматтар тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созып отыр. Нәтижесінде олардың тарапынан 7800 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Сондай-ақ, арнайы құрылған қоғамдық қорға 80 млн теңгеден астам қаржы құйылды.